Садрридин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды
Садрридин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды
5,151
оқылды
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) қашан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетінін айтып берді,- деп жазады Vesti.kz порталы. Еске салайық, отандасымыз соңғы кездесуін 30-қаңтар күні Мексиканың Куэрнавака қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша нидерландылық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 KO) жеңді. Бұл кездесу Ахмедов WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды. 
"Алдағы төрт немесе бесінші кездесуде толыққанды әлем чемпионы үшін жекпе-жек өткіземін. Мен бұған дайынмын. Уақыт келді", - деді қазақ боксшысы Journaldemontreal.com порталына берген сұқбатында.