Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жас жігіт жүкті әйелді денесімен жапқан
Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жас жігіт жүкті әйелді денесімен жапқан
118
оқылды

Әйелдің туыстары батыл жігітке алғысын жаудыруда.

Алматы маңында «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып аман алып қалған.Бұл туралы ұшақта болған жолаушылардың бірі Әсем Жапишева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Әсемнің айтуынша, Темірлан Қадауов Алматы - Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатып, апатқа ұшыраған «Bek Air» әуе компаниясының ұшағында болған. Әуе кемесі жерге құлаған кезде ол жанындағы жүкті әйелді денесімен қалқалап, ауыр соққыдан құтқарып қалады. Құтқарылған келіншектің туыстары әлеуметтік желі арқылы Әсемге: «Оның жанында менің қызым Гүлім Ақышева отырды және ол жүкті еді. Темірлан ұшақ құлаған сәтте оны денесімен жауып қалған. Апаттан соң қызымды қауіпсіз жерге апарып, өзі өзге жолаушылардың шығуына көмектескен. Ол нағыз ер азамат, өзінің жарақатына қарамастан осындай қиын сәтте батылдық танытты. Біз, Гүлімнің ата-аналары Темірланның ата-анасына осындай ер азамат тәрбиелегені үшін алғыс айтқымыз келеді»,-деп жазған. Диалог Facebook-те жарияланды. Жазбаның астына желі қолданушылары Темірланға осы жасаған ерлігі үшін алғыстарын жаудырып жатыр.