Көкшетауда кәсіпкердің 40 миллион теңге салынған сейфі ұрланды
Көкшетауда кәсіпкердің 40 миллион теңге салынған сейфі ұрланды
Көкшетауда кәсіпкердің сейфінен 40 млн теңге ұрлап кеткен ұрылар ұсталды. Тергеу жалғасуда, өйткені қылмыскерлер ақшаның көп бөлігін қайда жасырғандарын айтпай отыр. Ұрлық күндіз пәтерде ешкім болмаған кезде болған. Үйге кірген ұрылар сейфті ашып ішіндегі ақшаны алмақ болған. Бірақ олар сейфті аша алмай,өздерімен алып кеткен. Кәсіпкер сейфінде 40 миллион теңге сақтаған. Қылмыскерлерді ұстауға бір апта уақыт кеткен. Кәсіпкердің бағына орай, үшеуі де бақылау камераларына түсіп қалған. Қазірде олар тек тек 10 миллионды қайтарды. Ал қалған 30 миллионды қайда жұмсағандарын айтпай отыр. Айтпақшы, ұсталғандардың екеуі бұрын сотталған.