Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы
Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына  қарсы вакцина салу пандемияны  жеңудің жалғыз сенімді жолы екенін атап өтті. Президент өзінің Тwitter аккаунтында  1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу басталғанын жазды.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын» деп жазды Президент.