Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жур­налист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. «Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңіс­тіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адам­гершілік қасиеті жоғары бағаланатын. Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүре­гімізде мәңгі сақталады» делінген көңіл айту жеделхатында.