«Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Москворецкое ауылының тұрғыны, зейнеткер Әсел Қазиева үйдің ауласындағы қарды тазалауға жәрдемдесуін сұрап, партиялықтардың көмегіне жүгінді.
Қардың қалың түсуіне байланысты зейнеткердің ауласы мен үйінің аумағы биыл қарға толған. Ал ауланы өздігінен тазартуға зейнеткердің шамасы келмеген. Сондықтан зейнеткер «Jas Otan» Жастар қанатының еріктілері көмек қолын созса деген тілегін білдіріп, өтінішін жеткізді. Қабылдаудағылар зейнеткерге қол ұшын созатынын айтты. Еріктілердің жедел іске кірісуімен аула қардан тазартылды. Өз кезегінде Әсел Қазиева партия мүшелеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Айта кетсек, былтыр «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияның көмегіне 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92 пайызы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі – 30 пайыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16 пайыз, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15 пайыз, еңбек даулары – 14 пайыз, құрылыс – 9 пайыз, білім беру – 9 пайыз, медициналық қызмет көрсету 7 пайызға алаңдататыны белгілі болды.Әбілмансұр ЖАСАН