Тоқаев донорлар мен ауыл тұрғындарына көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді

Тоқаев донорлар мен ауыл тұрғындарына көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді

Президент халықтың ауызбіршілігін өте жоғары бағалады.

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Алматы облысы ауыл тұрғындарына құтқарушыларға, сондай-ақ донорларға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

«Алматы облысы Гүлдала кентінің тұрғындарына алғыс айтамын, олар құтқару қызметтеріне қиын кезде көмек көрсетті. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рахмет. Біздің халқымыз өзінің бірлігі мен жақындарына әрдайым көмектесуге дайын екендігін тағы да көрсетті»,- деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Bek Air авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Гүлдана ауылының тұрғындары құтқарушыларға тамақ дайындаған болатын. Ал Алматыдағы қан орталығында ұшақ апаты кезінде зардап шеккендерге қан тапсырғысы келетіндердің кезегі пайда болды.