Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Мүгедектігі бар адамдар құқы қорғалады

«Айқын» ақпарат
Ақпан 2, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
мүгедек
38
қаралым

Еліміздегі жекелеген са­наттағы азаматтарды әлеу­меттік жағынан қорғау же­тілдірілмек. Мысалы, мү­гедек жандарға күтім жа­сайтын адамдарға жәр­демақы беріледі. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қа­былдаған жұмыс беру­шілер үшін 2023 жылдан бас­тап өтемақы жарнасы енгі­зілуі мүмкін. Бұл нормалар БҰҰ-ның мүгедектігі бар адам­­дардың құқы туралы кон­венциясында көзделген. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, енді бұл нормалар біздің елдің заң­намасына енгізіледі. 

Күтім жасаушыларға да жәрдемақы төленеді

Мәжілістің кешегі оты­ры­сында мүгедектігі бар адам­дарды әлеуметтік қорғауды же­тілдіруді көздейтін заң жобасы таныс­тырылды. Заң жобасын таныс­тырған сала министрінің ай­туынша, заң жобасына енгізілген жаңалықтың бірі – себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізіледі. Осы жәрдемақымен еліміздегі 24 мыңға жуық адам қамтылады.

Сонымен бірге 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мү­гедектік топтары бойынша бөлу ұсынылады, оларға жәрдем­ақы­ның мөлшері ұлғаю жағына қарай қайта қаралады.

«Бұл норма Ресей Федера­ция­сының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын Байқоңырда тұратын мү­гедектігі бар балаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөл­шеріне, ал Қазақстан заңнамасы бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне де оң әсер етеді», – дейді министр.

Қызмет барысында қайтыс болған полицейлер отбасы баспана үшін жәрдемақы ала беретін болды

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетті

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Сондай-ақ Жапония, Гер­мания, Франция сияқты мем­лекеттердің тәжірибесін ескере отырып мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындаудың баламасы ретінде 2023 жылдан бастап жұ­мыс берушілер үшін өтемақы жарналарын енгізу ұсынылады.

«Жинақталған қаражат жұ­мыспен қамтуға жәрдемдесуге: арнайы жұмыс орындарын құ­ратын жұмыс берушілердің шығынын субсидиялауға; мүге­дектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті дағ­дыларға оқытуды ұйым­дастыруға; әлеуетті жұмыс берушілерде мү­гедек адамдардың ақы төле­нетін тағылымдамасын ұйым­дастыруға бағытталады», – дейді С.Шәп­кенов.

Құжатта еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдардың алдында жұ­мыс беруші өз міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, олар­ға мемлекет есебінен техни­калық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады.

Бюджеттен шығын кетпейді

Тағы бір атап өтер жаңалық – мүгедектігі бар балаларды тәр­биелеп отырған отбасылардың кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және бала I және II топтағы мү­гедек мәртебесіне көшкеннен кейін де мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына баспана кезегін сақтауға мүм­кіндік береді.

Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылып отыр, бұрын мүгедектігі бар баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілді. Бұл норма мүгедектігі бар бала­лардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайын­дауға оң әсерін тигізеді.

«Жалпы, заң жобасында баян­далған нормалар мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеу­меттік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін қоса алғанда, мемлекет тарапынан ба­залық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәсе­лелерін көрсетеді. Заң жобасын қабылдау бюджет қаражатын қосымша бөлуді қажет етпейді, шығын нормалары 2021-2023 жылдарға 55,4 млрд теңге көле­мінде бөлінген қаражат шеңбе­рінде іске асырылады», – деді Серік Шәпкенов.

Аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобына Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму ко­ми­тетінің мүшесі, депутат Жанат Омарбекова жетекшілік етеді. Заң жобасы 75 заңнамалық актіге, оның ішінде 10 кодекске өзге­рістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Айдана БЕГІМ

 
Тегтер: жәрдемақықұқы қорғаладымүгедекСерік Шәпкенов
Алдыңғы жаңалық

Өтініш ескерусіз қалмайды

Келесі жаңалық

Саяси кеңес бюросының кезекті отырысы

Ұқсас жаңалықтар

Жеті өңірде жол жабылды
Жаңалықтар

Елордада екі бағыттағы жол жабылды

Наурыз 5, 2021
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Наурыз 5, 2021
пара
Әлеумет

Әкімдік қызметкерлері параны жиі алады

Наурыз 5, 2021
карантин
Жаңалықтар

9 наурыздан бастап Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада екі бағыттағы жол жабылды

Наурыз 5, 18:31

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Наурыз 5, 17:57

Әкімдік қызметкерлері параны жиі алады

Наурыз 5, 17:56

9 наурыздан бастап Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді

Наурыз 5, 17:33

ДДСҰ коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Наурыз 5, 16:58

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 5, 16:42

Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

Наурыз 5, 16:21
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жеті өңірде жол жабылды

Елордада екі бағыттағы жол жабылды

Наурыз 5, 2021
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»