«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Оған «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов және Саяси кеңес бюросының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ өткен жылғы облыстық филиал бюджетінің атқарылуы жөніндегі «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың есебі тыңдалды. 2021 жылға арналған бюджет пен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының «Nur Otan» партиясының бірінші жартыжылдыққа арналған қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді. Филиал жанындағы «Денсаулық сақтау», «Жастарды қолдау», «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау», «Индустриялық-инновациялық даму», «Мемлекеттік қызметтер көрсету», «Аграрлық сектор» бағыттары бойынша комиссиялардың құрамына, Партиялық бақылау комиссиясына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңеске, Miras өңірлік кеңесіне, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.Әбілмансұр ЖАСАН