«Ақжелкенге» Есей Жеңісұлы келді
«Ақжелкенге» Есей Жеңісұлы келді
235
оқылды

Белгілі жазушы, журналист Есей Жеңісұлы «Ақ желкен» журналының бас редакторы болып тағайындалды.

Есей Жеңісұлы 1998-2004 жылдар ара­лығында – республикалық «Жас Алаш» газе­тінде тілші; 2004-2008 жылдары – «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары; 2008 жылы – «Қазақстан» ұлттық арнасы спорт хабарлары бөлімінің жетекшісі; 2008-2012 жылдары – республикалық «Ұлан» газетінің бас редакторы; 2012 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшы­сының орынбасары, 2013 жылы – Qazsport теле­арнасының директоры; 2013 жылы – «Дала мен қала» газетінің аға тілшісі; 2014-2017 жыл­дары «Айқын» газетінің шығарушы редакторы болып істеді. 2017 -2020 жылдары  Ұлттық аударма бюро­сында редактор болды. Өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда 1988 жылдан жариялана бастады. 2009 жылы – «Бір жарық» (жыр жинағы), 2012 жылы – «Сендер бәрің жақсысыңдар, адам­дар» (публицистика), 2015 жылы – «Мы­нау ғазиз дүние» (балаларға арналған әңгіме­лер), 2017 жылы «Шуақ» (өлеңдер мен әңгіме­лер) атты кітаптары жарық көрді. 2007 жылдан – Қазақстан Журналистер одағының, 2014 жыл­дан – Қазақстан Жазушылар одағының мү­шесі. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сый­лықтың лауреаты, бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының, «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінің жүлдегері.