Мәслихат депутаттары тұрғындармен кездесті
Мәслихат депутаттары тұрғындармен кездесті
204
оқылды

Биылғы сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен «Nur Otan»  партиясының өңірдегі фракциялары жұмысын бастап кетті.  Соның ішінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен жүздесті.

Солардың бірі Түркістан облыс­тық мәслихатының жас депутаты Амалбек Өміртай Келес ауданында бірнеше тұрғынды қабылдап, олардың мәселесін тыңдады. – «Nur Otan» партиясы Төраға­сы­ның Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек кешегі мәлім­де­месінде әрбір фракцияның жұмысы назарда болатынын, өңірлерді да­мытудың жол картасын әзірлеу қолға алынғанын айтты. Бұл ретте бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Еліміздегі ең үлкен саяси күш «Nur Otan» партиясы жұмысындағы ең негізгі принциптер – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауап­кершілік, өзара сенім, ашықтық. Сондықтан партиямыз сайлауалды бағдарламасында көрсеткен межелі нысандарын орындау үшін жұмысын бастап кетті. Бүгінде «Nur Otan» партиясы атынан мандатқа ие болған депутаттар барлық елді мекенде қо­ғамдық қабылдау өткізіп жатыр, – деді депутат Амалбек Өміртай. Халық қалаулысы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен сайлауалды бағдарламаны жүйелі іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатқанын, бұл бағытта міндеттерді сапалы әрі адал орындауға бар күш салу керегін атап өтті. Айта кетейік, қазір Түркістан об­лысында түрлі деңгейдегі мәс­лихаттарда 320 мандат болса, оның 263-ін нұротандықтар иеленген.