Egemen-нің 30 мыңыншы саны

Egemen-нің 30 мыңыншы саны

1 ақпан күні  Egemen Qazaqstan газе­тінің 30 мыңыншы саны жарық көрді.

Ерекше нөмірде мыңыншы, бес мыңыншы, он мыңыншы және жиырма мыңыншы нөмір­дің қалай шыққаны туралы деректі материалдар берілген екен. Шерағаңның басшылығымен жа­рық көрген жиырма мыңыншы нөмір Тәуел­сіз­дікке үш ай қалғанда, яғни 1991 жылғы қыр­күйек­те басылса, отыз мыңыншы нөмір азат­тықтың 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Енді еркіндіктің самалы ескеніне 30 жыл толған шақта 30 000-ыншы нөмірін оқырманға ұсынып отырған байырғы басылым жалынды жастармен жаңарып, жаңа жүзжылдыққа қадам басты. Санның сиқырына сенген ырымшыл халықпыз ғой, бұл санның 21 жылдың 21 нөміріне сәйкес келгенін де жақсылыққа балап отырмыз. Өйткені ғасыр еңсеріп, елмен егіз жасаған «Егемен» биыл іріленіп, іргесі кеңіп, басқа басылымдарды бауырына басып, қанатының астына алмақ. Оқырманы көбейіп, ауқымы арта түскен басылым үшін бұл да бір бағынған белес болары анық», – дейді Egemen Qazaqstan газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Гүл БЕКЗАТ