"Қазақстандық Ник Вуйчич" Криштиану Роналдумен футбол ойнады
"Қазақстандық Ник Вуйчич" Криштиану Роналдумен футбол ойнады
139
оқылды

Роналду оған өз қолтаңбасы бар доп сыйлап, қарымтаға Қазақстан шоколадын алды.

Аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбеков әйгілі футболист Криштиану Роналдуға басымен доп ойнай алатынын көрсетті. 

Али Роналдумен кездесудің суреттері мен видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Отандасымыз өзінің футболдағы сүйікті әдістерін көрсетті. Осыдан кейін қазақстандық бала футбол жұлдызымен құшақтасып, бірге суретке түсті.Криштиану Роналду жас жігітке өзінің қолтаңбасы бар допты табыс етті. Ал Әли атақты футболшыға қазақстандық шоколад жиынтығын сыйлады.