Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Лашын құлашын қашан жаяды?

«Айқын» ақпарат
Ақпан 2, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
лашын
16
қаралым

Сұңқар тектес лашын – сирек кездесетін жыртқыш құс. Қазақстан­ның барлық аймағында тіршілік етеді. Алтай, Тянь-Шань таулары­ның ете­гінде қыстайды. Көр­сең көздің жауын алатын, ұсақ аң аулағандағы әбжілдігі көрген адамды бірден бау­рай­тын  құс сұңқар­лардың ішіндегі сұранысы жоғары түрі. Браконьер­лер­дің де бірінші көз­дейтіні – осы ла­шын. Ше­телге, со­ның ішінде араб ел­де­ріне жасырын сату үшін заңсыз ау­лағанның кесірінен бұл құстың саны елімізде 1990 жыл­дар­дың ор­тасынан бері өте азайып кетті. Бүгінде Қызыл кітапқа енген.

 Қызыл кітап қалыңдап барады

Сарапшылар елімізде 90-жыл­дары құс төресі – сұңқардың жы­лына 4 мыңнан астам жұбы ұя сал­ғанын айтады. Енді бүгінде оның популяциясы туралы нақты дерек жоқ. Табиғатта сирек көрсек те, шекарада осы құспен ұсталған кон­трабандашылар туралы ақпа­ратты жиі ұшы­ратып жатамыз. Тіпті, өткен жылдары бір салон толы томағалы сұңқарды крес­ло­лардың бас қойғышына тұғыр секілді қондырып, ұшып бара жат­қан ұшақтың видеосы тараған. Сол ұшақ Қазақстаннан араб ел­деріне беттеп бара жат­қандай көрініп, ішімізге шара­сыздық шоғын тастаған еді. Өйткені кон­трабанда арнасының  90%-ы араб түбегіне бағыт алады. Араб­тардың сұңқарларға сонша құмартуының себебі – ол жақта қыран құстың бұл түрімен аңға шығу сәнге айналған. Одан бөлек, қолында қымбат ақ сұңқары бар шейх жеке ұшағы, яхтасы немесе қымбат кө­лігі бар батыс мил­лиар­дерлермен пара-пар санала­ды. Сондықтан араб­тар қанатты серігіне, соның ішінде лашын құсына қол жеткізу үшін барын беруге дайын. Тіпті, арнайы аук­цион ұйым­дас­тырып, сұңқар сау­да­сын қызды­рады. Ал бұл өзге ел­дерде заңсыз аңшылық­тың қызуына әкеп отыр. Бра­ко­ньер­лердің тергеу кезін­де берген жауа­бына сүйенсек, бір құстың бағасы 50 мыңнан 100 мың АҚШ долла­рына дейін барады екен.

«Жалпы, браконьерлік бабы біздің қызметте локалды қылмыс түріне жатады. Себебі оларды ұс­тайтындар көбіне табиғат қорғау инспек­торлары, шека­рашылар мен кеден қызметкерлері. Біздің поли­ция қызметкерлері де кездесіп жат­са құрықтайды, әрине. Бірақ жедел жағдайда кездеспейтініне байла­нысты біз көп ретте қылмысты рә­сімдеуге қатысамыз. Әйтсе де, соң­ғы жылдары елімізде лашын құсын заңсыз аулайтындар қатты азайды. Мә­селен, былтыр мұндай бір дерек анық­талса, 2019 жылы 3қыл­мыс тіркелді», – дейді ІІМ Әкімшілік поли­ция комитеті Таби­ғат қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев.

2020 жылдың 5 ақпаны күні Маң­ғыстау облысында 9 лашын құсын алып келе жатқан Ю.Ик­рамов есімді азамат қолға түседі. Тергеу барысында оның қылмыстық топқа қатысы бар екені анықталады. Браконьерлікті ұйымдаст­ырушы 1973 жылы туған А.Абдулжаппар мен 1960 жылы туған Т.Құдай­бергенов болса, орын­даушылар 5 адам болған. Бұл пандемияға дейінгі тіркелген жалғыз дерек болатын. Ішкі істер саласы қыз­меткерлері браконьерліктің азаюын бірінші кезекте 2019 жылғы желтоқсанда заңның қатаюымен байла­ныс­тырады. Естеріңізде болса, осының алдында Қа­рағанды мен Ақмола облыстарында браконьер­лерді қуған қорықшыларға шабуыл жасалып, атып кеткен оқиға болып, ол қо­ғамдық резонансқа айналған еді. Содан кейін Президент заңды қа­таңдатуға тапсырма берген болатын.

Арқар атқандар ұсталды

Алматыда көп қабатты үй тұрғындары жарқанаттардан құтыла алмай келеді

Желіде шу тудырған суреттің қайда түсірілгені белгілі болды

«Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қазір браконьерлік үшін дүние-мүлкін тәркілей отыра, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру қарас­тырылған. Осы өзгерістерді заңға енгізуге дайын­даған болатынмын. Соның әсерінен болар, қазір браконьерлік тыйылып қалмаса да, азайды. Мұн­дай заңдық кү­шейтулерді біз 2013-2014 жылдары дайындап ұсынған­быз. Ол бірнеше рет Се­натқа дейін барып, кейін қайтып келген еді. Ұсыныста­ры­­мызды еш­кім ескер­меді. Про­кура­тура, тағы да басқа көптеген органдар қарсы болды.  2019 жылғы оқиға­дан кейін ғана қабылданды. Ал оған дейінгі жаза айыппұл салу немесе 3 жылға дейін бас бос­тандығынан айыру еді. Оның өзінде соттар бра­коньерлерді көбіне айыппұлмен босатып жібе­ретін. Ал олар бұрынғы әніне қайта басатын», – дейді полиция пол­ковнигі Айбек Нұр­қасұлы.

лашын

«Араб ертегісі» браконьерге ғана қолайлы

Алматы қаласында Іле Ала­тауының бау­райында «Сұңқар» орталығы» деген тәлімбақ бар. 1989 жылы сұңқар құс­тардың попу­ляциясын қалпына кел­тіру мақса­тында құрылған бұл ме­кемеде бү­гінде елімізде тіршілік ететін жыртқыш құстардың 15 түрінің бәрі бар. Бас-аяғы 450 құс болса, соның басым көпшілігі – лашын. Бұлардың барлығын тәлім­бақ қызмет­керлері жұ­мырт­қадан балапан етіп шыға­рып, бағып, баулып өсірген. Одан соң олар көбейтуге керегін  ірік­теп алып қалады да, қалғанын бос­тандыққа жі­береді. Ал бір бөлігін, мә­селен хай­уанаттар бағына береді екен. Алушы табылып жатса ел ішіне, шетелге сатады. Біздің құстарды Гер­мания, Фран­ция, Аустрия, Ресей сияқты мем­лекеттер, ал көп жағдайда  араб елдері алады. Оған  қажетті ли­цен­зия­, сертифи­кат құжат­тары­ның барлығы бар. Сондай-ақ бра­коньер­лерден тәркіленген құстар да осын­да жіберіледі.

«Былтыр пандемияға байла­нысты болар, бізге қылмыстық істе­гі айғақ ретінде сақталатын сұң­қар құстары әке­лінген жоқ. Ал оның алдыңғы жыл­дары әкелінген құс­тарды бағып, сот үкімі шық­қан соң көпшілігін ұшы­рып жібердік. Олар түзден ұсталған құс болғандықтан, бейім­деліп кетеді, алаңда­маймыз. Бі­разын саттық. Бір-екеуін хайуанаттар бағына беріп жібер­геніміз есімде. Бізге келген құстардың барлығы ветеринарлық-орнитологиялық тек­серуден, емдеуден өтеді. Сосын оларды сақи­налаймыз», – дейді «Сұңқар» орталығы» тәлім­бағының директоры Ашот Анзоров.

30 жыл бұрын жұмысын бас­таған бұл бақта алғашқыда 10-12 құс болған екен. Ал осы уа­қытқа дейін тәлімбақ қыз­мет­керлері 700 лашын құс, 25 бүр­кіт және басқа да түрлерінен азын-аулақ құс­тарды табиғатқа жіберген. Негізі, тек қана лашын өсіру­мен айна­лысады. Олардан жылына инкуба­тордан 150-170-тей балапан шыға­рып бағады. Қыран құстардың қалған түрлерін де ұмытпауға ты­рысады. Ал сұңқар бра­коньер­лігіне келсек, Ашот Ами­ранович  «қара базардағы» аспандап тұрған баға­ның өтірік екенін айтады.

«Біз көтерме бағамен сататын бол­ғандықтан, сұңқарларды ар­занға ба­ғалаймыз. Ең қымбат дегені 1 000 АҚШ долларынан ас­пайды. Бірақ өте сирек. Көбінесе 300-500$ ара­лығында. Бір жағы бұл құсты кімнің сатып алатынына бай­ла­нысты. Бір құсты біреуі қымбатқа бағаласа, келесі таңдаған адам тө­мен баға ұсынуы мүмкін. Екін­шіден, құстың түріне, тұрқына бай­ланысты. Өйткені сұң­қар­лардың қауырсыны бір-біріне ұқ­самайды. Қара нарықтағы сауда да осындай. Ондағы құстың бағасы 10 мың немесе 100 мың дол­лар тұрады деген сөз – өтірік. Бұл – арабтың ертегісі. Шынды­ғында, он­­дай баға жоқ. Оны араб­тардың өзі бра­коньерлер құс та­сысын деп әдейі тара­тады. Әр елді аралап жүрмеу үшін істейді. Бізге де талай ха­барласқан. Бірақ 300 доллардан асы­рып құс сатып алған емес. Біз 30 жыл бойы құс саудасында келе жатырмыз. Бі­рақ 10 мың тұрмақ, 5 мың дол­ларға са­тып көр­геніміз жоқ», – дейді ол.

Тәлімбақ қызметкерлері жыл сайын Араб түбегіне барып, түрлі көрмеге қа­тысады. Сол кездің өзінде де жұрт ау­зында жүрген ба­ғаға құс саудалағандарды көр­мепті. Оның үстіне соңғы 10 жыл­дықта ол жақта сұңқар құсын өсіретін осын­дай тәлімбақтар кө­бейіп кеткен. Олар ішкі нарықтың 80 пайызын жауып отыр. Сондықтан сырттан бұрынғыдай көп көлемде құс алуды қойған. Сондай-ақ бүкіл әлем әлі де ол жаққа құс тасиды. Ашот Ами­­­ранович осы жайтты ескеріп, қазақ­­­­стандықтардан бра­коньерлік мақ­­­­сат­­та сұңқар аула­мауды сұрайды. Өйткені олардың популяциясы елі­­­­мізде әлі толыса қойған жоқ. Қолдан барлық жағ­дайын жасап өсіргенде 30 жылда санын 700-ге зорға жеткізген тәлім­бақ қызмет­керлері табиғи жағ­дайда олардың одан да баяу кө­бейетінін жақсы біледі.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

 
Тегтер: Алтайжырқыш құсзаңсыз аулауқызыл кітаплашынсұңқарТянь-Шань
Алдыңғы жаңалық

Шәкіртін ұрған бапкер қамауда отыр

Келесі жаңалық

Құнанбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

боран
Жаңалықтар

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок
Жаңалықтар

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
шектелді
Жаңалықтар

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 2021
Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 23:44

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 23:10

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 22:45

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 22:04

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 21:38

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

боран

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»