Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«БИС Групп»-тың жұмысы жүре ме?

«Айқын» ақпарат
Ақпан 2, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
БИС групп
39
қаралым

Қызылордада қыруар қаржыға салынған мия тамырын өңдейтін зауыт әлі қаңтарылып тұр. Кезінде Жалағаш ауданының халқы бұл бастаманың болашағынан көп үміт күткенімен, өндіріс жұмысы нәтиже бермей отыр.

Жалағаш ауданыңда «БИС Групп» ЖШС құны 2 млрд тең­ге­ге жуықтайтын зауыт салып, шы­ғарылатын өнім толық экс­порт­қа бағытталатын болған-ды. Зауыт басшылығы өндіріс орны қызыл мия тамырының ерітін­дісінен бөлек түрлі медициналық препараттарға қажетті шикізат дайындайтынын айтқан еді. Мұны естіген жұрт зауыт бола­шағынан зор үміт күтті, бірақ ел сенімі ақталмады.

Нақтырақ айтсақ, 7-8 жыл бұрын іргетасын қалаған зауыт құрылысында бастапқыда кідіріс болған жоқ. Келесі жылы-ақ ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Бұл өндіріс орны толық іске қосылса, 156 адамды тұрақты және 500 адамды маусымдық жұ­мыспен қамтитын болған. Мұнда жылына 6 мың тонна мия тамыры өңделіп, мия өсімдігінің экстрак­ты, кремі, глициризин қыш­қылының ұнтағы, полисахарид, флавоноид секілді 5 түрлі ком­по­нент алынады делінген еді. Өн­діріс орны ашылған жылы жоба иелері мия тамырын өсіру бо­йын­ша бірқатар шаруашылықпен келісім жасады. Сондықтан жалпы 80 мың гектар алқаптық қызыл мия қоры бар өңірде жаңа кә­сіп бірден өркендеп сала бе­рердей көрінді. Бірақ жұрт күт­кендей зауыт қарқынды жұмыс істеген жоқ.

Осыдан бірер жыл бұрын об­лыстық Индустриялық-инно­вация­лық даму басқармасы өт­кізген брифингте осы зауыт тө­ңірегіндегі бірқатар мәселе айтылды. Анығы қазақстандық «Бис Групп» ЖШС мен қытайлық «Бо­ри­хунда» компаниясы бір­лесіп іске қосқан зауыт жұмысы тоқтап тұруына екі компания арасындағы пайыздық мөлшер­лемеге қатысты келіспеушілік себеп болған сыңайлы. Алайда араға бірер жыл салып, яғни 2017 жылы «Бис Групп» ЖШС мен қытайлық «Борихунда» ком­паниясы арасындағы келісім негізінде зауыт жұмысы қайта қолға алынды. Алғашқы 20 тонна өнім Қытай еліне жөнелтілді. Бірақ көп ұзамай зауыт жұмысы тағы да тоқтап, жұмысшылар нәпақасынан айырылды.

Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

«Қазақалтынның» қызметкері өзіне 1,5 миллиард теңге аударып алып, із-түзсіз жоғалып кетті

– «БИС Групп» ЖШС-нің «Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты» 2014 жылы іске қосылған болатын. Алайда бүгінге дейін түрлі себеппен зауыт жұмысы тоқтап тұр. 2020 жылы зауытқа инвестордың жеке қаражаты есебінен газ желісі тартылып, қазір Қытай Халық Республика­сынан зауытқа қажетті құрал-жабдық алу жұмыстары жүргізіліп отыр. Биыл зауыт жұмысын қайта бастайтын болады, – дейді Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғабит Жанашев. Бірақ ол зауыттың нақты қай айда іске қосылатынын айтпады. Ал 2021 жылдың алғашқы айы да өте шыққанын ескерсек, алдағы 11 айдың бірінде іске қосылатын шығар деп үміттенеміз.

Әкімдіктегілердің сөзінше, тұралаған жұмысты жүргізу үшін нақты шаралар қолға алынып жатқан көрінеді. Зауыт жұмыс­шылары әлі де болса өндіріс ор­ны іске қосылатынына үмітті. Бү­гін құрылтайшы өз қаражатына зауытқа газ тарту жұмысын жүр­гі­зіп қойғаны болмаса, әзірге өн­діріс орнында тіршіліктің лебі ес­пейді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Қызылорда облысы

 
Тегтер: БИС ГруппзауытқаржыҚызылордамия
Алдыңғы жаңалық

Сиырдың еті үшін комитеттің бұрынғы төрағасы 8 жылға сотталды

Келесі жаңалық

Қазақстанда коронавирустың бірде-бір дерегі тіркелмеген ауыл бар

Ұқсас жаңалықтар

карантин
Жаңалықтар

Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Наурыз 1, 2021
Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды
Жаңалықтар

Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Наурыз 1, 2021
Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Жаңалықтар

Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Наурыз 1, 2021
Жамбыл, дүнген, Бердібек Сапарбаев
Жаңалықтар

Жамбылда дүнгендер берекелі өмір сүріп жатқаны үшін алғыс айтты

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Наурыз 1, 14:59

Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Наурыз 1, 14:46

Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Наурыз 1, 14:33

Жамбылда дүнгендер берекелі өмір сүріп жатқаны үшін алғыс айтты

Наурыз 1, 13:52

Адам өлтірген жүргізушіге қатысты Алматы әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Наурыз 1, 13:36

Алматыда әкімдік қызметкері кісі өлтірген бе? – Сағынтаев жауап берді

Наурыз 1, 13:17

Ұлттық спортты насихаттап жүрген журналист емделу үшін көпшіліктен көмек күтеді

Наурыз 1, 12:43
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

карантин

Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Наурыз 1, 2021
Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Nur Otan жанындағы жаңа қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылайды

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»