Бозжырадағы сапар-орталық қай жерде салынады?
Бозжырадағы сапар-орталық қай жерде салынады?

Қарақия ауданында сапар-орталығының салынуына бай­ланысты қоғамдық тыңдау өт­ті. Нәтижесінде, Бозжыра­дағы туристік орталық шатқал­дан 4 шақырым қашықтықта салы­натын болды.

Осыған дейін Бозжырадағы құ­рылысқа қатысты қоғамда қызу талқы болған. Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Маң­ғыстау об­лысын­дағы табиғи қорық­тың аумағына салынатын визит-орталықтың жоба­сын Үкіметке қайта қарауды тапсыр­ған болатын. Осыған орай облыс басшылығы қоғамдық кеңестің, эколог-сарапшылардың пікірін ескере отырып, инвестор­лармен бірлесіп, қонақ үй салу үшін жаңа орын қарастырды. Инвестор­лардың айтуынша, Бозжыра шат­қалын­дағы сапар-орталығы Жабай­ұшқан қоры­ғының аумағынан тыс, шатқалдың «азу тістерінен» 4 шақы­рым қашық­тықта салу жоспарланып отыр. Бұл – биіктікке 4 шақырымнан жақын ешқандай құрылыс техникасы бармайды деген сөз. Жабайұшқан ау­ма­ғында ешқандай құрылыс жүр­мейді. Жоба авторлары, инвесторлар мен Қарақия ауданының басшылары Сенек ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаны таныстырды. Ауыл ақсақалдары ұсыныс-пікірлерін біл­дірді. 2021 жылдың 5 ақпанында аудан орталығында «қоршаған ортаға әсерді бағалау» бойынша тағы да қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспар­ланып отыр. Айта кету керек, инфра­құрылым жүргізу үшін инвестор тек «жасыл» технологияларды қолдана­тын болады. Туристік нысанды құрудың арқасында 200-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады екен.