Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккен балаларға ойыншық сыйлады
Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккен балаларға ойыншық сыйлады

Ауруханада жатқан кішкентай науқастар президенттен жаңа жылдық сыйлық алды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімдігі арқылы әуе апатынан зардап шеккен балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды табыс етті.

Оңтүстік астананың әкімі тоғыз бала жатқан жедел медициналық көмек көрсету орталығында болды.

Бақытжан Сағынтаев балалардың жай-күйі туралы біліп, оларға ел Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Мемлекет басшысы әкімдік арқылы түрлі ойыншықтар, конструкторлар мен рюкзактарды, сондай-ақ балаларға тезірек сауығып кетуін тілейтінін жеткізді.

Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов Сағынтаевқа келіп түскен тоғыз баланың алтауы реанимацияның қарқынды терапия бөліміне, үшеуі - орта дәрежедегі травматология бөліміне түскенін баяндады. "Екеуіне заманауи жоғары технологиялық емдеу әдістерін қолдану арқылы ота жасалды. Бүгінгі таңда операциядан өткендердің жағдайы-орташа дәрежеде. Оңалу динамикасы бар", - делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында. Жан сақтау бөлімінде болған барлық балалар бейінді бөлімдерге ауыстырылды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.