Адам бостандығы индексі жарияланды
Адам бостандығы индексі жарияланды
126
оқылды

Қазақстан адам бостандығы индексі бойынша әлемдегі 162 елдің ішінде 75-орынға тұрақ­тады. Еліміздің индексі 6,99 бол­ды, бұл көрсеткіш ЕАЭО-ға кіре­тін Армения мен Қырғыз Рес­публикасына қарағанда тө­мен, бірақ Беларусь пен Ресейге қарағанда жоғары. Ал жеке бас бостандығы бойынша рейтингте 90-орында болса, экономика бойынша – 73-орында.

Адам бостандығы индексі екі не­гізгі компонентті қамтиды: жеке және экономикалық еркіндік. Қазақ­станда жеке бас бостандығы индексі – 6,85, экономикалық бостан­дығымыз – 7,12. Рей­тинг­­тегі жоғарғы индекс –10, бұл елдегі адамдар толық еркін деген сөз, ал ең төменгі индекс – 0. Тиісінше, бұл шама бостандығы жоқ ел екенін білдіреді. Бостандық индексі жоғары елдер рейтингінде Жаңа Зеландия, Швей­­цария және Гонконг көш бас­тап тұр. Ал 3,97 көрсеткішімен Сирия тізімді аяқтаған. Бостандық индексі билік органдары адамдарды қанша­лық шектейтінін немесе мәжбүр­лейтінін көрсетеді. Елдердегі бұл ин­декс адам қызметінің он екі сала­сын көрсететін жеке, азаматтық, эко­­номикалық бостандықтың 76 көр­сеткіші не­гізін­де есептеледі. Со­ның ішінде, заңның үстемдігі, қауіп­сіздік, қозғалыс ер­кін­дігі, дін бос­тан­дығы, қауым­дас­тықтар мен азамат­тық қоғам бостан­дығы, сөз және ақ­парат бос­тандығы, жеке ба­сын және жеке қарым-қатынасын таңдау еркін­дігі, үкімет өлшемдері, құ­қық­тық жүйенің сапа­сы және мен­шік құ­қығын қорғау, сенімді ақшаға қол жет­кізу, халық­аралық сауда бос­тан­дығы және бизнесті, еңбекті, несие­леуді рет­теу шамалары бойын­ша бағалана­ды. Алғашқы жеті сала жеке бас бос­тандығы индексінде есепке алынады, осы индекс бойынша Қазақстан рейтингте 90-орында тұр. Соңғы бес сала экономикалық еркіндік ин­дексінде ескеріледі, мұнда Қазақстан 73-орынды иеленді. Жеке бас бос­тандығы индексі бойынша Қазақ­станның қауіпсіздік бөлімінде және бірегейлік пен жеке қарым-қатынас­тарды таңдау еркіндігінде баға жаман емес. Яғни, 10-нан 9, жүріп-тұру еркіндігі бойынша да 10-нан 8,3. Экономикалық еркіндік индексі бойынша баға төмен. Осылайша, ақшаға қол жеткізу еркіндігі бойынша индекс – 8,8. Одан кейін бизнесті, еңбекті, несиелерді және үкімет көлемін реттеу еркіндігі тұр.

Айша ЕРСҰЛТАН