Кәсіпкерлер банк комиссиясы үшін ақша төлемейтін болды
Кәсіпкерлер банк комиссиясы үшін ақша төлемейтін болды
130
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Министрдің айтуынша, банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызметіне ақы төлеу жойылады.

«Пилоттық жоба қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ жеке тұлғалар үшін мүлік пен жерге салынатын салық біріктірілді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Жеке тұлғалардың меншігіне салық төлеу ыңғайлы болу үшін E-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы іске қосылды. POS-терминал мен онлайн-бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін ұсынудан босату бөлігінде E-Salyq-business қосымшасы әзірленіп жатыр», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу немесе жабуды оңайлату, салық есебін тапсыру бұрынғыдан оңай болады. Банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызметіне ақы төлеу алынып тасталады.

Бұған дейін көлік салығына қатысты өзгерістерді хабарлаған болатынбыз.