Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сиырдың еті үшін комитеттің бұрынғы төрағасы 8 жылға сотталды

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды басшылары қазына мүлкіне қол сұққаны үшін сотталды.

Нұрбек БАҚЫТ
Ақпан 2, 2021
Жаңалықтар, Басты жаңалықтар, Экономика
сиыр еті, Бақытбек Иманалиев, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Фото: Интернеттен алынды

2.6k
қаралым

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Резерв» РМК филиалдары Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (ММРК) лауазымды басшылары мен азық-түлік жеткізушілеріне қатысты 6,5 миллиард теңге сомасында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету деректері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының үкімімен 21 адам бас бостандығынан айырылды, – деп жазады Tengrinews.kz.

Ал біреуі бас бостандығынан шектеу жазасын алды.

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

Сиыр етінен коронавирус анықталды

Ет экспортында мүмкіндігіміз қандай?

ММРК бұрынғы төрағасы Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Президентке Иманалиевті мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астанаға – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарынан айыру туралы ұсыныс айтылды (Ол үй қамақта үкім заңды күшіне енгенге дейін отырады. Үкім күшіне енгеннен кейін қамауға алынады);

ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

«Резерв» – «Высота» РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ «Резерв» – «Сигнал» РМК филиалының директоры Ғалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Аталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Резерв» – «Высота» РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығына шектеу қойылды;

Азық-түлік жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бұрынғы басшысы 2019 жылдың сәуірінде ұсталды.

Агенттіктің мәліметінше, «резервтегі сиыр етінен жасалған бұқтырылған ет консервілері мемлекетаралық стандартқа сәйкес келмейтінін, сапасыз және сиыр етінің орнына соя етінен екенін біле отырып, ол 2018 жылы сатып алушы кәсіпкерлерге 600 миллион теңгеден аса зиян келтіріп, оларды іске асыруды ұйымдастырды» деген күдікке алынған.

Тергеу барысында комитетке консервілер 2015 жылы СҚО-дан әкелінгені белгілі болды.  Бақытбек Иманалиев комитет басшысы қызметін 2016 жылдан бастап атқарды.

 

 
Тегтер: Бақытбек ИманалиевМемлекеттік материалдық резервтер комитетісиыр еті
Алдыңғы жаңалық

Күнгейдегі суицид

Келесі жаңалық

«БИС Групп»-тың жұмысы жүре ме?

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай
Жаңалықтар

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 2021
Галышева
Жаңалықтар

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Наурыз 8, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолы жабылды

Наурыз 8, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 17:34

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 16:59

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Наурыз 8, 16:22

Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолы жабылды

Наурыз 8, 15:47

«Барселона» футбол клубының президенті ауысты

Наурыз 8, 15:34

Онколог дәрігер: Сүрленген шұжық темекіден де қауіпті

Наурыз 8, 14:42

COVID-19: үш облыс пен екі қала «сары аймақта» тұр

Наурыз 8, 13:59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қостанай

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 2021
Галышева

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»