Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Майлы ауыз мадам

«Айқын» ақпарат
Ақпан 2, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
ауыз
7
қаралым

Қазақстанда бірінші рет жем­қорлар жарысы ұйымдастырылды. Ауыздары апандай, құлқындары құдықтай жемқорлар Астананың «Жей береміз!» деген кафесіне жи­налды. Жарысты ұйымдас­тырушы:

– Құрметті жемқорлар! Осы ка­феде ұзын стол үстіне бес кило­дай ет, жылқының қазысы, қы­мыз, қымыран қойылған. Соны тез арада ішіп, жеп болған соң, жүгір­геннен жүгіріп отырып, келесі «Асаймыз!» мейрамхана­сынан  чикен, микен, лаваш, ма­ваш жеп, беттеріңізге төңкерілген қара қазанның күйесін жағып, жүгіріп шығасыздар да, келесі «Қылғытамыз!» кафесіне кіре­сіз­дер. Ол жерден есектің етін жеп, қа­рын­дарыңызды төмпештей­сіздер де, келесі «Жұта береміз!» кафесіне жетесіздер!  Мұнда алты қапшық Ар, жеті қапшық Ұят тұр, соны жеп бола салысымен, ең соңғы «Бетсіздер!» кафесіне жетесіздер, ол жерде мемлекеттің миллиард теңгелері шашылып жатыр. Соны жейсіздер. Кәдім­гідей, нан шайнағандай. Кім көп жеп, кім кафелерге бұрын жетсе, сол жеңім­паз атанып, алтын жалатылған унитазға отырады! –деді.

Сол екен, Қазақстан жем­қорлары, еліміздің елеулілері  сапқа тұрғаны соншалық, кафеге сый­мағандары көшеге шығып кетті. Олардың жартысы келесі турға қатыстырылатын болды. Бәрі ауыздарын ашып тұра қа­лысты. Масқара, ауыздары алты қарыс болғаны соншалық, ішек-қарындары көрініп, кейбірінің асқазандары аузынан шығып кетті. Төреші төбеге қарай тоң­қайып, «тарс» еткізіп еді, жемқорлар жапа-тармағай алға ұмтылды. Асығыс ішіп жеп, келесі кафеге жүгірісті. Ол жерден де жайпай жеген жалмауыз­дар беттеріне қара күйе жағысып, келесі кафеге зымырады. Кейбірі жүгіре алмай, еңбектеп барады. Енді бірі құса бастаса, бірі құстай ұша бастады. Ол жерден де ішіп жеген кейбір министрлер, басқарма бас­тықтары, тіпті жем­қорларға қарсы күрес қызмет­керлері бірін-бірі итерісіп, тамақ­қа таласып, керек десеңіз, бір әкім жылап қалды. Ой,  Аллай, не деген жемқорлар елі едік? Не деген жалмауыздар елі едік? Не деген… Олар емес, «ауыздары ақы­мақ»  қой! Жей береді, жей береді… Сонымен, алтын жалатылған уни­тазға кім отырды екен? Білесіздер ме?

Әзіл

Не болып кетті өзі?

Сүйрегіштер

Білмесеңіздер, мен айтайын, Нұр-Сұлтан халықаралық әуе­жа­йының бас бухгалтері Әлия Баба­шева болып шықты! Ол және оның төңірегіндегі ұйымдасқан қыл­мыскерлер әуежайдан 1,6 мил­лиард теңге жымқырған еді. Не деген жем­қорлар десеңізші? Мил­лион емес, миллиард!

– «Сіз жеңімпаз ретінде қандай әсер алдыңыз?» – деп сұрады жур­налистердің бірі микрофон ұсынып.

Аса қуаныштан әлі араның апандай ашып тұрған майлы ауыз мадам аузын жауып, иегін сипалады. Сосын:

– Қуаныштымын, елімнің елеулі жемқоры болғаныма қуанып тұр­мын! – деді.

–  Алдағы уақытта да жей бересіз бе?

–Жей беремін, жей беремін, жей беремін.

– Түйіліп қалмайсыз ба?

–Құдай сақтасын!

–Шайнамай жұтасыз ғой?

– Әрине!

– Кейінгі өсіп келе жатқан жас жемқорларға не тілек айтасыз?

– Жегендері желкелерінен шық­пасын!

Ол сөзін аяқтап үлгермеді, құқық қорғаушылар сау етіп жетіп келді де, қолына кісен салды. Енді ол түрмедегі қарапайым ғана уни­тазға отыратын болды. 11 жыл бойы. Он жыл лауазымды қыз­метке де жолай алмайды. Тө­ңірегіндегілер де 7-8 жылдан ар­қалады.  Осылай жемқорлар жарысы көңілсіз аяқ­талды.

Мұхтар ШЕРІМ

 
Тегтер: ауызәзілмадам
Алдыңғы жаңалық

Сүйрегіштер

Келесі жаңалық

Қуалап, қытықтайды!

Ұқсас жаңалықтар

жәрдемақы
Әлеумет

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам
Әлеумет

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
Тәуелсіздік
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 2021
құқық қорғау
Әлеумет

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 08:00

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 07:40

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 07:20

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 07:00

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ақпан 27, 06:40

Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды

Ақпан 27, 06:20

Белсенділер марапатталды

Ақпан 27, 06:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жәрдемақы

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»