Bek Air рейстеріне билет алып, діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар үшін Нұр-Сұлтаннан қосымша пойыз қатынайды, — деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет тапсырмасы бойынша осындай шара қолға алынды.
«Пойыз 30 желтоқсан күні түнгі 10-да жолға шығады. Ал Алматыға келесі күні сағат 17:30-да жетеді» делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан хабарламада.
Жолаушыларға ведмоствоның бағдарламасы бойынша биыл ғана сатып алынған 16 купелік вагон қарастырылған.
Жолаушыларға толық ақпаратты теміржол вокзалдарынан немесе 105 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады.