Шығыс Қазақстанда қораға мал қамауға шыққан ана мен балаға қасқыр тап берді
Шығыс Қазақстанда қораға мал қамауға шыққан ана мен балаға қасқыр тап берді
99
оқылды

Оқиға 30 қаңтарда болған. Маралды ауылының тұрғыны Әсем Бейсұлтанова сарайға мал қамау үшін далаға шыққан. Баласы Жігер анасына көмектесіп қора маңында жүрген. Қасқыр екеуіне кенеттен тап берген.

Айқайды естіген үй иесі далаға жүгіріп шығып, қасқырды ағашпен ұрған.

«Қасқырдан зардап шеккендер Күршім аудандық ауруханасына жеткізілді. Қасқыр әйелдің қолын, 8-сыныпта оқитын баласының аяғын тістеген», – дейді Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің әкімі Фархат Өжікенов.

Әкімнің айтуынша, Маралды ауылында қасқыр көп. Таулы аймақта қасқырды ату да қиын.