Түркістан облысының Сайрам ауданында әйел адам иіс тиіп көз жұмды, — деп хабарлайды otyrar.kz.
Көз жұмған әйел 1966 жылы туған, оған иіс тиген. Оқиға орнына жеткен апаттан құтқару бригадасы тексеру кезінде газ құрылғысының дұрыс орнатылмағанын анықтады.
Жалпы көлемі 2х4м болатын жуыну бөлмесінде БГС G-4 құрылғысы орнатылған. STARK маркілі жылыту пеші мен SF маркілі су жылытқыш тұр. Түтін шығатын гофра бөлме арқылы сыртқа шығарылған.
Қауіпсіздік талаптары сақталмауының себептері тексеріліп жатыр.