Әскерилер сырғанақта жоғалған баланы тауып берді
Әскерилер сырғанақта жоғалған баланы тауып берді

Бала үлкен әпкесімен қалалық әкімдік маңындағы сырғанақта ойнап жүрген екен.

Әпкесінен көз жазып қалған. Өз бетінше әпкесін іздегенімен, таба алмаған. Сол кезде оған көмекке ұландық жауынгерлер келіп, жақындарын іздеуге кіріседі. 20 минут ішінде әскерилер баланын әпкесін тауып берді. Әскерилер кезекші лейтенант Абылай Тоқтанмен бірге балаларды ата-анасына жеткізді. Баланың ата-анасы жауынгерлерге алғыс айтты.