Азық-түлік 1,1 пайызға тағы қымбаттады

Азық-түлік 1,1 пайызға тағы қымбаттады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қаңтарда (2020 жылғы желтоқсанға қарағанда) бағаның өсуі анық байқалды.

Мысалы, жаңа жиналған көкөністер – 7,8%, жұмыртқа – 6,9%, картоп – 5,1%, күнбағыс майы – 3,6%, қатты ірімшік – 1,3%, қант, жаңа жиналған жемістер – 1,1%, ұн – 1%, пастерленген сүт – 0,7%, жармалар – 0,6%, шай, тоқаш және ұн өнімдері, айран – 0,5%, сары майға 0,4%-ға қымбаттады.

Ал тоқыма бұйымдары – 0,5%, киім және аяқкиім – 0,3%, жуғыш және тазалағыш құралдары, жеке қолданылатын тауарлар 0,2% қымбаттаған.

Тіпті, қызмет түрлерінің құны да жоғарылады: сәлемдеме жіберу – 11,8%, нотариус, автосақтандыру – 5%, денсаулық сақтау қызметі – 0,6%, монша – 0,3%.