Мектеп оқушысы электр тогымен жүретін трактор ойлап тапты
Мектеп оқушысы электр тогымен жүретін трактор ойлап тапты
5,143
оқылды

Аягөздік оқушының айтуынша, болашақта мұнай таусылса, токпен жүретін тракторға сұраныс артады.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының 11-сынып оқушысы Саятбек Мейрамбеков инновациялық жоба жасап шығарды, — деп хабарлайды 24. kz. Жас ғалым ауыл шаруашылығына арналған шынжыр табанды техниканы тоқпен жүргізді.

Оның ойынша, ең бастысы дизель отынын пайдаланбайтын трактор қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Уақытты үнемдеп, еңбек өнімділігін арттырады. Екі жыл уақытын сарп еткен жас өнертапқыш туындысы таяуда облыстық стартап жобалар байқауында жеңімпаз атанып, 576 мың теңге грантқа ие болыпты.

Оның арманы – осы қаражатқа жобаны жетілдіре түсу. Жоба авторы Саятбек Мейрамбеков: «Мұны жасауға 30 мың теңге кетті. Алға жылжитын түрін жасап бере аламын. Осы жобаны жалғастырсам деймін. Өйткені болашақта мұнайдың орнына токпен жүретін техникалар алмастырса, сұраныс артады, — дейді.