Зейнетақы қаржысын шипажайдағы емге пайдалана ала ма?
Зейнетақы қаржысын шипажайдағы емге пайдалана ала ма?
130
оқылды

Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова жауап берді.

«Ережелер қазір Әділет министрлігінде бекітілгелі жатыр. Білуімше, бұл мәселе соңғы сатыда тұр. Қазір сегізінші мақсат пайда болды. Ол – қосымша репродуктивті көмекші технологиялар. Яғни, ЭКҰ жасатуға болады. Бұл ереженің соңғы құжатта пайда болғанын нақты білемін»,  –  деп түсіндірді банк басшысы. Шипажайдағы ем туралы шешім әлі қаралып жатқанын жеткізген ол:

«Бұл бағытта менде нақты ақпарат жоқ. Бірдеңе деп, салымшыларды шатастырғым келмейді. Жаңа ережелерде баспана алудан бөлек басқа да бизнес процестер қолжетімді болады», – деді Ләззат Ибрагимова.