Австралияда орман өртінен 30-дан астам үй күлге айналды
Австралияда орман өртінен 30-дан астам үй күлге айналды
161
оқылды

Австралияда тағы орман өртеніп жатыр.

Бұл жолы елдің батысындағы жасыл-желек отқа оранған. Жалын Суон қаласына жақындап, 30-дан астам үй күлге айналды. Өрт 7 мың гектар алқапқа дейін таралған. Өзге де елді мекендерге қауіп төне бастады. Апат аймағынан 400-ден астам адам көшірілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тілсіз жаумен 300-ден астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Мамандар күннің ыстығы мен желдің күшеюі жағдайды ушықтырып тұрғанын айтады.

– Ауа райы болжамына сәйкес алдағы уақытта шығыстан солтүстік-батысқа қарай тағы жел соғады. Күннің өте құбылмалы болуы өрт сөндірушілер жұмысына көп қиындық туғызып отыр, – деді Батыс Австралия штатының премьері Марк Макгован.