Азаматтарды қолдаудың орнына, қамап жатырмыз – Бақтияр Артаев
Азаматтарды қолдаудың орнына, қамап жатырмыз – Бақтияр Артаев
121
оқылды

Белгілі боксшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев өзінің әріптесі, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың сотталғанына пікір білдірді. Бақтияр Артаев өз ойын Instagram-дағы парақшасына жариялады.

«Қуат Хамитовтың 6 айға сотталғанына байланысты мән жайды өзінен білдім. Расында да үй қамағына алынған екен. Осы тұрғыда азаматтық позициям, ол да спортшы болғандықтан менің үндемей қалуым мүмкін емес. Біздің мемлекетіміз зайырлы, демократиялық болғаннан кейін әр азамат өз ойын ашық жеткізе білу керек. Егер елім дейтін әр азаматты қамай берсек, ертең еліміздің болашағы не болмақ? Сондықтан бұл шешім дұрыс емес деп есептеймін. Керісінше, елім дейтін осындай спортшылар, азаматтар бар кезде оларды қолдаудың орнына, біз қамап жатырмыз. Осы тұрғыда бір-ақ нәрсе айтқым келеді, осындай азаматтарды мемлекет басында отырған басшылар қорғаса екен. Ал Қуат бауырыма сәттілік тілеймін», – деді Бақтияр Артаев.

[embed]https://youtu.be/NXUh4-FSsMM[/embed] Еске салсақ, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар «халықты улап жатыр» деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді. Осыған байланысты Қуат Хамитов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігіне сәйкес, алты айға бас бостандығынан шектелді.