Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды
Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды
5,116
оқылды

«Қазақавтожолдың» хабарлауынша, Шығыс Қазақстанның автожолдарында қозғалыс шектелді.

Қолайсыз ауа райына (қар, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты Омск-Майқапшағай» бағыттарында (756-906 шақырымы) Семей қаласы-Қалбатау ауылы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

«Өскемен-Семей» (7-198 шақырымы) бағыттарында, Герасимовка ауылы-Семей қаласы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің түрлері үшін жол жабылды.

«Өскемен - Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сағат 01:00-де «Өскемен-алтай-Рахман қайнары» бағыттарында (46-66 шақырымы), Северное ауылы-Серебрян қаласы бұрылысы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабық.

«Алматы-Өскемен» бағыттарында (778-967 шақырымы), Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің түрлері үшін қозғалыс шектелді.