Роналду жылдың үздік ойыншысы атанды
Роналду жылдың үздік ойыншысы атанды
193
оқылды

Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) ұйымдастырған Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

2019 жылдың үздік ойыншысы «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Футболшы 34 жастағы Лионель Мессиді («Барселона»), Вирджил ван Дейк пен Мохамед Салахтан (екеуі де – «Ливерпуль») озып кеткен. Роналду Globe Soccer Awards жүлдесін осымен төртінші рет алып отыр. Ал жалпы футбол мансабында алтыншы рет жылдың үздік ойыншысы атануы. 

2019 жылдың үздік клубы – «Ливерпуль». Клуб амстердамдық «Аякс» пен франциялық «Лионның» әйелдер командасынан озған. 

Үздік бапкер марапатын Юрген Клопп («Ливерпуль») иеленді. Оның басты қарсыластары — Эрик тен Хаг («Аякс») пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) болды.  Мерсисайдтықтар сапынан бразилиялық Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы атанды. 

2019 жылы «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, УЕФА Суперкубогын иеленді, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.  Мадридтік «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш «Жыл жаңалығы» болды.

Ол хавбек Анссумане Фати («Барселона»), шабуылшы Эрлинг Холанд мен вингер Джейдон Санчодан (екеуі де — «Боруссия» Дортмунд) озған.

Әйелдер арасында «2019 жылдың үздік футболшысы» номинациясында англиялық Люси Бронз жеңіске жетті.

Бұл жүлдеге Меган Рапино мен Алекс Морган (екеуі де - США) мен француз Амандин Анри.