Nur Otan партиясының филиалы көпбалалы әкеге 2 айда үй салып берді
Nur Otan партиясының филиалы көпбалалы әкеге 2 айда үй салып берді
141
оқылды

Nur Otan партиясының Жамбыл облысы, Талас аудандық филиалы Тамды ауылдық округінің тұрғыны, 4 баланың әкесі Күзембаев Нұрсұлтанның баспана мәселесін шешіп берді.

Партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы аясында, кәсіпкерлер мен тұрғындардың атсалысуы нәтижесінде көпбалалы әке үйлі болды. Ауыл жігіттерінің кезекті ауысымымен құрылысы өткен жылдың қарашасында басталған үй лезде тұрғызылып, шатыры жабылды. Айналдырған екі айдын  ішінде Нұрсұлтан отбасымен бірге 108 шаршы метрді құрайтын үйге кірді. Құрылысқа жалпы көлемі 4,5 млн теңге жаратылды. Үй иесі мұндай көмекті ұйымдастыра білген Талас аудандық филиалына қарасты «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ж.Танкебаев пен барша ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.