Көкшетауда бет әрлеймін деген әйел жарақат алды
Көкшетауда бет әрлеймін деген әйел жарақат алды
89
оқылды

Көкшетауда косметикалық салонға барған әйелдің беті қатты күйіп қалған деп хабарлайды «Айқын» республикалық порталының тілшісі.

Өз ісін жетік меңгермеген косметолог маманға қарсы енді сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалыпты. Көкшетау қалалық полиция басқармасына 36 жастағы әйел 29 қаңтар күні жүгінген. Оның айтуынша, Щучинск қаласындағы сән салонына барып косметолог бетін күйдіріп тастағап. Ал бет терісінде ірі дақтар қалып қойған.

– Тәртіп сақшыларымен әйелдің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығына сараптама тағайындалды, дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 114 бабының 3 тармағы «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы