Nur Otan: Жаңаөзенде депутаттар жалдамалы пәтерде бір зейнетақымен күн көріп отырған отбасыға көмектесті
Nur Otan: Жаңаөзенде депутаттар жалдамалы пәтерде бір зейнетақымен күн көріп отырған отбасыға көмектесті
271
оқылды

Маңғыстау облысы Жаңаөзенде тұратын Қымбат Теміршиеева Nur Otan партиясынан көмек сұрап келді.

Баспанасыз отбасы тұрмыс тауқыметін тартқан соң Рақат ауылындағы жалдамалы пәтерден Қызылсай ауылына қоныс аударады.

Атасы сырқаттанып, ауруы меңдеп қайтыс болған. Көп ұзамай енесі де ауруға душар болып, төсекке таңылды. Қымбат Теміршиееваның күйеуі Асқар жұмыс істеп жүріп, ауруға шалдығады. Дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қояды. Енді жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Отбасындағы алты адам Қымбаттың енесі Бұрыш Ұнайбаеваның 67 274 теңге зейнетақысымен күнелтіп отыр.

Қымбат Теміршиеева 1982 жылы туған. Үш баланың анасы. Тұңғышы 1-сыныпта оқиды. Қаржылай қолдауға мұқтаж отбасыға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, облыстық мәслихаттың депутаттары Жұлдыз Мұханбетқалиқызы мен Зина Нугаева және қалалық мәслихаттың депутаты Эльмира Худайбергенова, Айсұлу Исаева, Жанабай Унайбаев, Шарип Акджигитов, Гулжан Жугембаева, Житек Муханов, Асқар Ногаев,Орынбасар Сейдов, Қанат Базылов, Темир Мусаев, Айтқали Башеновтар қаржылай көмек көрсетті.