Қолдың көмегінсіз киюге болатын кроссовка ойлап табылды
Қолдың көмегінсіз киюге болатын кроссовка ойлап табылды
5,113
оқылды

Америкалық Nike спорттық киімдер бренді қолдың көмегінсіз киіп, шешуге болатын алғашқы кроссовкаларды көрсетті. Gizmodo-тің мәлімдеуінше, компания өкілдері Gо FlyEase деп аталатын кроссовка мүмкіндігі шектеулі адамдарға келеді және пандемия кезінде өзекті болады деп санайды. Себебі, қолыңызбен артық нәрсе ұстамайсыз.

Nike аяқкиімді екіге "бөле алатын" топсалы механизмі бар. Сол арқылы аяқты еркін кіргізуге мүмкіндік беретін кроссовка жасап шықты. Кроссовканы шешкенде, оның негізгі бөлігі жоғары көтерілед. Ал артқы жағы түседі. Кроссовканы кию үшін аяқты кіргізіп, содан кейін өкшемен басу керек. Go FlyEase-те бау жоқ. Олардың орнына резеңке қолданылады, ол өкше жақта орналасқан. Ақпарат бойынша, оған адам тез үйреніп кетеді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл процесс көптеген адамның кроссовканы шешіп, киюінен еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан ол интуитив түрде түсінікті және ұзақ уақытты қажет етпейді. Кроссовканың құны 120 доллар (50 мың теңгеден асады). Жаңа аяқкиім кейбіреулер үшін 15 ақпаннан бастап қолжетімді болады, ал кең сатылымға 2021 жылдың соңында шығады. [embed]https://youtu.be/ZTRsiWa79rY[/embed]