Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс – Мәулен Әшімбаев

Назгүл Ержанқызы
Ақпан 2, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Білім

©сурет интернеттен алынды

9
қаралым

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын өткізді. Онда қатысушылар қазақстандық білім және ғылым мәселелерін талқылады.

Сенат Төрағасы аталған тақырыптың маңызын атай келе, осы саланы дамытудағы кейбір мәселелерге тоқталды.

«Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы – еліміздің негізгі басымдықтарының бірі болып келеді. Президенттің қыркүйек айындағы Жолдауында бірқатар маңызды міндеттер алға қойылды. Жалпы алғанда, елімізді жаңғырту бағдарламалары аясында осы салаға баса назар аударылып отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы COVID-19 білім беру жүйесінің жұмысына елеулі проблемалар туындатқанын атап өтті. Сонымен бірге пандемия оқытуда жаңа әдістерді енгізу мүмкіндігі керегін және қашықтан білім беру әлеуетін кеңінен қолдану қажеттігін көрсетіп отыр. Мәулен Әшімбаев сондай-ақ білім беру саласындағы әлемнің барлық елдеріндегі өзгерістерге тоқталды.

«Оқу өмір бойы жалғасатын процеске айналып келеді. Бұл білім беру жүйесін белгілі бір деңгейде қайта құруды талап етеді. Сондай-ақ сарапшылар арасында бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі қазіргі әлемдегі ең маңызды екі функцияны – интерпретациялық контекст пен жүйелі ойлауды, оқушыларда құндылық жүйесін қалыптастыруды атқармайды деген пікір бар», – деді Сенат Төрағасы.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Ол салалық мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар мен Мемлекет басшысының білім беру жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы айтып берді.

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

Жоғары оқу орындарының саны неге қысқарып жатыр?

Пандемия жағдайындағы білім беру: ізденістер мен іркілістер

«Біз жаңа әлемде, жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Білім беру жүйесі де оған бейімделуі керек. Мәселе жаңа реформалар жүргізу емес. Бізге барлық өзгерістің тиімді болғаны, қазақстандықтардың білім деңгейі арта түскені, уақыт талапбына сәйкес келетін құзыреттерді қалыптастыруға жағдай жасалғаны маңызды», – деп атап өтті министр.

Жас сарапшылар клубының отырысы барысында пікірталасқа қатысушылар қазақстандық білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Youth Corps Projectтегі мониторинг және бағалау жөніндегі сарапшы, әлеуметтанушы Камила Ковязина орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері туралы айтып берді. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, саясаттанушы Индира Рыстина жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелеріне тоқталды. Kzhol қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Диана Ерлан ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру саласын дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды. Ал Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин Қазақстанда ғылыми кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді атап өтті.

 
Тегтер: білімминистрСенат
Алдыңғы жаңалық

Қолдың көмегінсіз киюге болатын кроссовка ойлап табылды

Келесі жаңалық

Келіншектің сөмкесін тартып алмақшы болған адам ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

жәрдемақы
Әлеумет

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам
Әлеумет

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
Тәуелсіздік
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 2021
құқық қорғау
Әлеумет

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 08:00

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 07:40

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 07:20

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 07:00

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ақпан 27, 06:40

Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды

Ақпан 27, 06:20

Белсенділер марапатталды

Ақпан 27, 06:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жәрдемақы

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»