Келіншектің сөмкесін тартып алмақшы болған адам ұсталды
Келіншектің сөмкесін тартып алмақшы болған адам ұсталды
82
оқылды

Полиция қызметкерлері әйел адамның сөмкесін тартып алмақшы болған бейтанысты ұстады.

Сағат 23.50-де ұрлықшы Желтоқсан көшесінде «Самсунг А-70» маркалы ұялы телефон мен жеке заттары салынған әйелдің сөмкесін тартып алмақшы болған.

Жәбірленушінің айтуынша, құрбысы екеуі дәмханадан шығып үйіне қарай бет алған. Сол кезде олардың соңынан бейтаныс ер адам жүріп отырған. Жолда шыршаны байқап, қыздар суретке түспекші болған. Осыны пайдаланған ұрлықшы келіншектің қолынан сөмкені тартып алмақшы болды. Құрбысының айқайынан ер адам қорқып, белгісіз бағытта жасырынып қалған.

Полиция қызметкерлері ұстаған күдікті бұрын бірнеше рет сотталған екен. Ол жасаған іс-әрекетін мойындады. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы бойынша (тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстығы анықталуда.