Nur Otan: Қызылордада балалары дертке шалдыққан жалғызбасты анаға қолдау көрсетті
Жұмыссыз Самал Байкенованың 2 баласы мүгедек. Қызылорда қаласында пәтер жалдап тұрады. Баласы бронхиалды астмамен ауырады. Қызына дәрігерлер тромбоцитопатия диагнозын қойған.
Былтыр 22 желтоқсанда
Қызылорда облыстық партия филиалында депутаттыққа кандидат
(Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат 2020 жылдың 10 желтоқсаны күні басталып, 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды. Сайлау биыл 10 қаңтар күні өтті – ред.) Нұридин Әмитовтың қоғамдық қабылдауына келді. Жалғызбасты ана баласына «Неволайзер» тыныс алу аппараты қажет екенін айтып, көмек сұрады.
Нұридин Әмитов сайлау өткен соң уәдесінде тұрды. Самал Байкеноваға «Неволайзер» аппаратын табыстады.