Жатақханада ұрлық жасалған
Жатақханада ұрлық жасалған
Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлаған 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бұрын тонау жасағаны үшін сотты болған. Жатақханада тұратын күдікті сағат 05.40-та көршісінің бөлмесіне кірген. Көршісінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, бағасы 50 000 теңге тұратын «Хуавей» маркалы ұялы телефонын ұрлаған. Таңертең жәбірленуші телефонының жоқ екенін байқап, полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстаған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша («ұрлық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.