Ұшағы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының басшысы кім?

Ұшағы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының басшысы кім?

Әділет министрлігі баспасөз қызметі Bek Air әуе компаниясының басшылары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне Bek Air ЖШС әуе компаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті.

Заңға сәйкес, ЖШС-ның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заң бойынша қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары — оның үлестес тұлғалары», — деді Әділет министрлігінің өкілдері. 

«Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, Bek Air ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы — Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы — Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді» делінген ресми хабарламада. 

«Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде — Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде  — Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір — Бияхметов Рустам Ілиясұлы» деді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air басшылары қайтыс болған жолаушылардың туыстарына жағдайды түсіндіру керек екенін айтқан болатын.