Грек-рим күресінің шебері өлім жазасына кесілді
Грек-рим күресінің шебері өлім жазасына кесілді
Иранда грек-рим палуаны Мехди Али Хоссейни 2015 жылы  төбелес кезінде кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды tengrinews.kz. Спортшы соңғы бес жылын түрмеде өткізген. Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Хамид Сориан, әлем чемпионы Мұхаммед Талай және ұлттық құраманың жаттықтырушысы Али Ашкани оны қорғаған. Хоссейнидің өзі кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындады, бірақ жәбірленушінің отбасы кешірім беруге келіспегендіктен спортшыға үкім өзгертілген жоқ. Иранның Ұлттық қарсыласу кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үкім 25 қаңтарда Дезфуль түрмесінде өтелген. Балуан 30 жаста еді. Хоссейни Иранда соңғы алты айда өлім жазасына кесілген екінші спортшы болды. 2020 жылдың қыркүйегінде грек-рим күресінен ирандық чемпион Навид Афкари өлім жазасына кесілді. Ол Иранның экономикалық саясатына қарсы шерулерге қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді. ХОК президенті Томас Бах, АҚШ президенті Дональд Трамп, UFC басшысы Дана Уайт спортшыға рақымшылық жасауды сұрады. Алайда Иран билігі бұл өтініштерді елемей, үкім шығарды.