Бас прокуратура Қазақстандағы барлық әуежайдың маңындағы жер телімдерін тексереді
Бас прокуратура Қазақстандағы барлық әуежайдың маңындағы жер телімдерін тексереді
118
оқылды

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратура Алматы маңындағы ұшақ құлаған ғимараттардың заңдылығын тексереді, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Өкінішке қарай, елімізде осындай оқиға орын алды. Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Апат орнындағы ғимараттың қаншалықты заңды немесе заңсыз салынғанын тексереміз. Сонымен бірге, Алматы әуежайы ғана емес, барлық әуежайлар маңындағы жер телімдерінің жеке меншікке қалай берілгенін анықтаймыз», — деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшыраған болатын.