Депутат Назарбаевқа челлендж жолдады
Депутат Назарбаевқа челлендж жолдады
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырған өлең оқу челлендж-эстафетасын мәжіліс депутаты Мақпал Мыса елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жолдады. –"Жанр" әдеби клубы құрылып, әдебиет жолы кеңейіп жатыр. Қадамына құт! “Жанр” жаңғыртқан дәстүрмен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырған өлең оқу эстафетасын ақын Қалқаман Сариннен, журналист Мәншүк Шымырбай қабыл алып, Жетісудың жезтаңдай әншісі Бейбіт Мұсаның сүйемелдеуімен “Дәриға жүрек” дастанынан үзінді оқыды. Енді осы эстафетаны жалғастыру үшін, үлкен құрметпен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырзаға, Мұқағали өлеңдерін орыс тіліне тәржімалаған ақын Надежда Чернова апайға жолдаймын –, деп жазды Мақпал Мыса өз әлеуметтік парақшасында. https://www.youtube.com/watch?v=qExv8qa2GXQ