Әскери басқару органдары тексеріледі
Әскери басқару органдары тексеріледі

Қорғаныс министрлігінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында 2019 жыл бойынша қызмет қорытынды жасалып, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің лауазымды тұлғалары тыңдалып, сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Армия орталық спорт клубы лауазымды тұлғаларына ұсынымы қаралды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Тортаев басшылық еткен комиссия жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтамай және тәртіптік жаза жасауға барған ҚР ҚМ АОСК офицерінің лауазымға сәйкестігі жөнінде ұсыныстар берді. Одан бөлек, комиссия жергілікті басқару органдарының қызметінің жемқорлыққа баруға тәуекелдігін талдау, кадрларды тағайындау мен лауазымға қоюды мониторингтеу, Алматы қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметін тексеріп, аталған департаменттің бөлімше сержантын Қарулы Күштер қатарынан шығару туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы әрекетте алдын-алу шаралары маңызды рөл атқарады. Қазақстан Қарулы Күштерінде 8230 профилактикалық шаралар өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2019 жылы жемқорлыққа қатысты қылмыстың саны өткен жылмен салыстырғанда 76% төмендеген. Ағымдағы жылы жемқорлыққа қарсы әрекет жайындағы заңнаманы орындауды бақылау бойынша Қорғаныс министрлігі комиссиясы 6 отырыс өткізіп, нәтижесінде әскерге шақыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік сатып алу, әскери басқару органдарының қызметі саласында 25 ұсынылымдар енгізілді.