Медициналық көмек алуға жәрдемдесті
Медициналық көмек алуға жәрдемдесті
5,115
оқылды

«Nur Otan» партиясы Пав­лодар облыстық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөлмесі «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында инсульттан кейін үйде кү­тім­сіз қалған Павлодар қа­ла­сының тұрғыны Рашит Сәдуақасовқа тиісті меди­ци­налық көмек алуға жәр­демдесті.

Биыл қоғамдық қабылдау бөлмесіне Рашит Сәдуақасовтың туыстары мен көршілерінен ме­дициналық көмек ұйымдас­тыруды сұраған өтініш түскен болатын. – Ол 2019 жылы инсульттан кейін сал болып қалды, сөйлеу қабілетін жоғалтып, аяқтары жансызданды. Әйелі 2010 жылы қайтыс болған. Екі баласы ІІ топ­тағы мүгедек, есту-сөйлеу қабілетінен айырылған. Оған қарайтын ешкім болмаған­дықтан, бірнеше апта бойы аш, лас және ешқандай медицина­лық көмексіз жатты, – дейді туыстары. Партияның Павлодар об­лыс­тық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі Рашитке дә­рігерлерді жіберді. Тексеру нә­ти­желері бойынша науқасқа мүгедектіктің I тобы беріліп, оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді. 18 қаңтарда Рашит Сәдуақа­сов жедел медициналық көмек ауруханасының мейір­бикелік бөліміне жіберілді, онда оған толық медициналық көмек пен тиісті күтім жасалады. Қазір оны мүгедектерге арналған интернат үйіне орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғам­дық қабылдауына еліміз бойын­ша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда 1,2 миллион адам партия көмегіне жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92 пайызы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық жә­не өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халық­ты негізінен әлеуметтік қамсыз­дандыру мәселесі – 30%-ға, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету 7%-ға алаңдата­тыны анықталды.

Әбілмансұр ЖАСАН