Генерал Көпбаевтың жазасы жеңілдемек
Генерал Көпбаевтың жазасы жеңілдемек
92
оқылды

Сотталғанына көп болмаған Қорғаныс министрлігінің бұрынғы ге­нерал-майоры Қайрат Көпбаевтың жазасы жеңілдеді. Енді ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Негізі, бастапқыда орташа қауіпсіздік бойынша сотталған еді. Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Көпбаевқа қатысты мұндай шешімді әс­кери соттың апелляциялық алқасы қабылдаған.

Апелляциялық алқа отыры­сында прокурор генерал-майор Көпбаевтың негізгі жазасын өтеу режимін өзгертуді сұрағаны ха­барланды. Ал қорғаушысы сот­талушының кінәсі дәлел­ден­бегендіктен ақтауды сұраған. –  Сот алқасының қаулы­сымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Бас бостан­дығынан айыру жазасын өтеуге арналған режим орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесі меке­месінен қауіпсіздігі төмен меке­меге өзгертілді. Қалған бөлі­гінде үкім өзгеріссіз қал­ды, – деп ха­барлады әскери соттың баспа­сөз қызметі. Қорғаныс министрлігінің генералы Көпбаев 2020 жылдың желтоқсан айында бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Көпбаевты «генерал-майор» әскери шенінен және «Құрмет» орденінен айыру туралы прези­денттің атына ұсыныс енгізген. 2019 жылдың мамы­рында ге­нерал «Кеңес Одағының екі мәр­те Батыры Т.Бигелдинов атын­дағы Әуе қорғаныс күште­рінің Әскери институты» РММ офи­церлік лауазымына та­ғайын­­далғаны үшін 200 000 тең­ге кө­лемінде пара алды деп айып­талған еді.

Мадияр ТӨЛЕУ