Басқарма басшысы қабылдау өткізді
Басқарма басшысы қабылдау өткізді
294
оқылды

Қызылорда облысының Еңбек саласындағы бақылау басқар­масының басшысы Төреахмет Жолымбетов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аза­маттарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Басқарма басшысының қабыл­дауында болған Еркебұлан Ысқақов жеке басын куәландыратын құжат рәсімдеп беруін өтінді. Ол өзінің жеке басын куәландыратын куәлігін осы кезге дейін алмағанын, туу ту­ралы куәлігін Қармақшы аудандық көші-қон полициясына 2020 жылы бергенін айтады. Басқарма басшысы мәселе бо­йынша Қармақшы аудандық көші-қон полициясына хабарла­сып, мән-жайды анықтады. Зерделеу бары­сында азаматтың құжат тапсырма­ғаны анықталып, қайта құжат тап­сыруға кеңес бе­рілді. Ал Мейрамкүл Байжанова мен Инабат Ағыбай қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Төреахмет Жолымбетов азаматтарға алдағы уақытта демеушілер көме­гі­мен қолдау жасау назарда болатынын жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН