37 миллионмен ұсталды
37 миллионмен ұсталды
118
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жем­қор­лыққа қарсы қыз­меттің бірлескен тобы ар­­­найы операция барысында Алматы облысы Білім бас­­қармасының бас­­шысын және бірнеше лауа­­­зымды тұлғаны ұстады.

Олар – басқарманың басшысы Майгүл Омарова, басқарманың мем­лекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Қабдолданова және «Аймақтық білім сала­­сындағы жаңа техно­логиялар» ғылыми-прак­тикалық орта­­лығының ди­­­ректоры Арапби Мең­­лібаев. Қамауға алынған үш күдіктіге аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Алдын ала дерек бойын­ша, олар облыстық бюджет қар­­жысына компью­терлік тех­ника сатып алу кезінде жеке кәсіпкерден 37 650 000 теңге сыйақы талап етіп, оның бір бөлігін қолма-қол ақша тү­­­рінде алып жатқан жерінде ұсталған.

Н.ҚОСАЙ