Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жалған хабар таратқан кім?

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Ақпан 3, 2021
32
қаралым

Қостанай облыстық Полиция департаменті бірнеше жерге бом­ба қойылғаны туралы жалған ақ­парат таратқан адамды із­дес­тіріп жатыр.

Департаменттің баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, полицейлер жа­рылғыш зат жайында жалған ха­барлама таратқан күдіктіге іздеу салған. Олар хабарламаның рас-өтірігіне назар ау­дармастан, облыс орталығындағы ең ірі «Март», «Қостанай Плаза» сауда орталықтарында жүрген 2 300-ден ас­там адамды эвакуациялаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, төтен­ше жағдай қызметі жеткенімен, сауда орталығынан «бомба» табылмаған.

Күдікті мұнымен тоқтамай, бір күн өткен соң полицияға қоңырау шалып, құрылыс дүкеніне бомба қойылғанын ха­барлаған. Содан құрылыс мате­риал­дарын сататын ірі сауда орта­­лығынан 87 адам қауіпсіз аймаққа эвакуа­ция­лаған. Бұл жо­лы да сауда ғимара­тынан ешқандай жарылғыш зат табыл­ған жоқ.

Жалған ақпарат таратудың үшінші жағдайы кеше тіркелді. Полиция де­партаментіне автовокзал аумағына жа­рылғыш заттың қойылғаны хабар­ланған.

«Арнайы мамандар ғимаратты түгел тексеріп шықты. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Автовокзалдан 40 адам эвакуацияланды. Қазір осы оқи­ғаға қа­­­тысты тексеру-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Полиция мен тұрғын­дарды бір­­неше күн дүрліктіріп қойған жалған ақ­паратты бір адам таратып отыруы мүмкін. Күдікті жоғары тех­но­логиялық құрыл­­­­ғыларды пайда­ланған. Іздеу ша­­раларына тәжірибелі мамандар жұмыл­­­дырылды», – деді облыстық Поли­­ция департаменті Экс­тре­мизмге қарсы іс-қимыл бас­қар­масы басты­ғының орын­­­басары Ерлан Сембин.

 Айбике ЖАНАСЫ

Тегтер: бомбажалған ақпаратжалған хабаржарылғыш затҚостанайХабар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзгерістерді барлық қазақстандықтар сезінеді – Ермек Әбдiрәсiлов

Қазақстанда үш айда 828 нәресте шетінеген

Кеншілер қаласындағы қайғылы оқиға

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»